
Құрама сапына енген спортшылар:
— Темірлан Тілеулес (58 келіге дейін)
— Бектөре Оралханов (58 келіге дейін)
— Газез Нұрбек (68 келіге дейін
— Батыpхан Төлeуғали (80 келіге дейін)
— Нодира Ахмедова (49 келіге дейін)
— Рита Бәкішева (49 келіге дейін)
— Нұрай Хұсайынова (67 келіге дейін)
«Біз бұл турнирге жақсы дайындалдық. Соңғы оқу-жаттығу жиынын Иранда өткіздік. Онда біз атақты спортшылармен бірге дайындалып, жаттығу жекпе-жегін өткіздік. Бұл, әсіресе, жас спортшылар үшін өте құнды тәжірибе болды. Қазір ұлттық құраманың физикалық және тактикалық дайындығы жоғары деңгейде.
Grand Prix Challenge — бұл әлемдік рейтингтегі орнымызды нығайтудың ғана емес, сонымен қатар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада алдындағы маңызды халықаралық тәжірибе жинаудың мүмкіндігі», — деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов.
Айта кетейік, бұл жарысқа әлемнің 44 елінен 376 спортшы қатысады.
Дереккөз: Федерацияның баспасөз қызметі.