Спорт Министрі | Александр Бублик ATP рейтингінде ТОП-40-қа жақындады
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Александр Бублик ATP рейтингінде ТОП-40-қа жақындады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жаңартылған ATP әлемдік рейтингінде ірі секіріс жасап, 43-орынға көтерілді, деп хабарлайды SportM.kz.

Ролан Гаррос турнирінде ширек финалға дейін жеткен Бублик 62-сатыдан бірден 43-орынға көтеріліп, мансабындағы үздік нәтижелерінің бірін көрсетті. Ол қазір ТОП-40 қатарына енуге бір қадам жақын.

Қазақстандық басқа теннисшілердің нәтижелері де белгілі болды:

🔹 Александр Шевченко – 103-орыннан 100-орынға көтерілді
🔹 Тимофей Скатов – 233-тен 214-ке жоғарылады
🔹 Дмитрий Попко – 164-тен 170-ке төмендеді
🔹 Михаил Кукушкин – 163-тен 182-ге құлдырады
🔹 Бейбіт Жұқаев – 230-дан 246-ға түсті

Жұптық сында өнер көрсететін Александр Недовесов 143-орыннан 158-орынға сырғыды.

Александр Бубликтің көрсеткіші – Париждегі «Үлкен дулыға» турнирінде көрсеткен табысты ойынының нәтижесі. Алдағы жарыстарда ол үздік отыздыққа кіруге талпынбақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button