
Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнамның Ханой қаласында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогы жарысында қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды SportM.kz.
Бұл жолы қазақстандықтар Моңғолия құрамасымен кездесті. Бірінші партияда Ришат Гилязутдиновтің шәкірттері 25:14 есебімен сенімді жеңіске жетті. Алайда екінші сетте қарсыластар қарымта қайтарып, 24:26 есебімен басым түсті.
Үшінші сетте Қазақстан құрамасы ойынды қайта бақылауға алып, 25:18 нәтижесімен алға шықты. Ал төртінші сетте Моңғолия 9:4 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық қыздар таразы басын өз пайдасына аударып, 25:15 есебімен матчты түйіндеді.
Жалпы есеп – 3:1. Осылайша Қазақстан құрамасы В тобында көш бастады.
Келесі ойын 10 маусым күні Индонезия құрамасына қарсы өтеді.