Спорт Министрі | Бүгін Еуропада әлем чемпионатына іріктеу ойындары өтеді
ФУТБОЛ

Бүгін Еуропада әлем чемпионатына іріктеу ойындары өтеді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында бүгін Еуропа құрлығында бірнеше матч өтеді, деп хабарлайды SportM.kz.

І тобында Норвегия – Италия және Эстония – Израиль құрамалары кездеседі. Алғашқы екі турда ұпай жоғалтпаған Норвегия 6 ұпаймен көш бастап тұр. Эстония мен Израильдің еншісінде – 3 ұпайдан. Молдова әзірге ұпайсыз, ал Италия бұл топтағы алғашқы ойынын бүгін өткізеді.

Қазақстан құрамасы бақ сынап жатқан J тобында бұл жолы біздің футболшылар жасыл алаңға шықпайды. Бүгін топтағы Уэльс – Лихтенштейн және Солтүстік Македония – Бельгия кездесулері өтеді.

Қазіргі турнир кестесінде Солтүстік Македония мен Уэльс 4 ұпаймен көш бастап тұр. Қазақстан құрамасының еншісінде – 3 ұпай. Лихтенштейн ұпай жинай алмай келеді, ал Бельгия алғаш ойынын бүгін өткізеді.

Сондай-ақ, L тобында да екі матч жоспарланған: Гибралтар – Хорватия және Чехия – Черногория.

Басқа жаңалықтар

Back to top button