ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Өзбекстан құрамасы алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды SportM.kz.

Азия іріктеу кезеңінің А тобында өнер көрсеткен өзбекстандықтар Иран, БАӘ, Қатар, Қырғызстан және Солтүстік Корея құрамаларымен бір топта болды. 8 матч қорытындысы бойынша олар 18 ұпай жинап, топта екінші орынға ие болды.

Кеше Біріккен Араб Әмірліктеріне қарсы өткен соңғы ойында Өзбекстанға тең нәтиже де жеткілікті еді. Командалар 0:0 есебімен тарқасты. Осылайша, Өзбекстан футбол тарихында алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Бұл – өзбек футболы үшін тарихи жетістік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button