Спорт Министрі | Ташкентте жасанды интеллект пен спорттағы цифрлық коммуникациялар талқыланды
БАСҚАЛАРЫ

Ташкентте жасанды интеллект пен спорттағы цифрлық коммуникациялар талқыланды

Өзбекстан астанасында өткен «Цифрлық коммуникациялар және әлеуметтік желілер» тақырыбындағы V Өңірлік семинар өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды SportM.kz.

Іс-шараға 15 Ұлттық Олимпиадалық комитеттің, ҰОК қауымдастығының және Айчи–Нагоя 2026 Азия ойындарының ұйымдастыру комитетінің медиа-мамандары қатысты. Қазақстан атынан ҰОК PR және маркетинг департаментінің директоры Гүлназ Шүкенова семинарға қатысып, тәжірибе алмасты.

Бірнеше күн бойы қатысушылар спорт саласындағы цифрлық даму, әлеуметтік желілермен тиімді жұмыс істеу және жасанды интеллекттің мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты. Бағдарлама аясында халықаралық сарапшылар оқыту сессиялары мен практикалық жаттығулар өткізді.

— Мұндай шаралар әріптестікті нығайтып, кәсіби жұмыстың сапасын арттыруға сеп болады. Жаңа идеялар мен технологияларды талқылау бізге серпін береді әрі халықаралық үрдістерден қалыс қалмауға көмектеседі, — деді Гүлназ Шүкенова.

Семинар алдағы ірі спорттық жарыстарға да

Басқа жаңалықтар

Back to top button