
Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы бүгін 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды SportM.kz.
Андоррамен өтетін матч 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында сағат 19:30-да басталады. Бұл ойын – D тобы аясындағы алғашқы кездесу. Қазақстандық жастар осы топта Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларымен күш сынасады.
Бас бапкер Денис Мамонов шәкірттері 2 маусымда Астанада оқу-жаттығу жиынын бастап кеткен.
Қазақстан жастар құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Атырау»), Дулат Талыспаев («Кёге»), Мирас Рихард («Ертіс»).
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Жетісу»), Санжар Әнуаров («Астана»), Александр Мигунов, Эльхан Саидов (екеуі де – «Шахтер»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»).
Жартылай қорғаушылар: Әбинұр Нұрымбет («Тұран»), Вячеслав Раскатов («Ертіс»), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Мирас Көбеев («Ислочь», Беларусь), Олжас Байбек, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания), Давид Есімбеков («Жетісу»), Хамза Мұхаметәли (AKAS).
Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»), Артем Литош («Хан Тәңірі»).
Алдағы ойындар күнтізбесі:
2025 жыл
▪️ 5 маусым – Қазақстан – Андорра
▪️ 8 маусым – Қазақстан – Англия
▪️ 9 қазан – Андорра – Қазақстан
▪️ 13 қараша – Словакия – Қазақстан
▪️ 17 қараша – Қазақстан – Молдова
2026 жыл
▪️ 27 наурыз – Қазақстан – Словакия
▪️ 31 наурыз – Қазақстан – Ирландия
▪️ 25 қыркүйек – Англия – Қазақстан
▪️ 29 қыркүйек – Ирландия – Қазақстан
▪️ 6 қазан – Молдова – Қазақстан