Спорт Министрі | Қазақстан ұлттық, жастар және әйелдер құрамалары ойындарына билеттердің онлайн сатылымы басталды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан ұлттық, жастар және әйелдер құрамалары ойындарына билеттердің онлайн сатылымы басталды

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан ұлттық, жастар және әйелдер құрамаларының алдағы ойындарына билеттердің онлайн сатылымының басталғанын хабарлайды.

Ұлттық құрама 9 маусым күні 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі үшінші тур аясында Солтүстік Македония құрамасына қарсы матч өткізеді. Кездесу Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталуы – 19:00. Билеттердің бағасы – 700 теңгеден басталады. Билеттерді мына сілтеме арқылы сатып алуға болады.

U-21 жастар құрамасы 5 маусым күні 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Андорраға қарсы өткізеді. Матч Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы – 19:30. Билеттерді мына сілтемеден сатып алуға болады. Бағасы – 500 теңгеден басталады.

Әйелдер ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Алматыда екі ойын өткізеді. 30 мамырда Қазақстан құрамасы Лихтенштейнмен кездеседі (ойын 17:00-де басталады), ал 3 маусым күні Люксембургпен ойнайды (басталуы – 22:00). Билеттерді мына сілтеме арқылы сатып алуға болады. Бағасы – 700 теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button