
Қазақстандық теннисші, әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Куруме (Жапония) қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің финалына шықты.
Жарыстың 6-ракеткасы атанған Зарина жартылай финалда әлемдік рейтингте 336-орында тұрған қытайлық Мэйлин Ванмен кездесіп, аса тартысты өткен матчта 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 16 минутқа созылды.
Финалда Зарина әлемнің 288-ракеткасы, жапониялық Аяно Шимицумен бас жүлде үшін кортқа шығады. Жергілікті спортшы жартылай финалда отандасы Михо Курамотиді 0:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңген болатын.
Қазақстандық теннисші үшін бұл – маусымдағы ең ірі жетістіктердің бірі болмақ.