Спорт Министрі | «Шахтер» бірінші лигада екінші орынға шықты
ФУТБОЛ

«Шахтер» бірінші лигада екінші орынға шықты

Футболдан Қазақстан бірінші лигасының 6-туры аяқталды.

Турдың екінші ойын күні, 16 мамырда Қарағандының «Шахтері» өз алаңында «Ақтөбе-2» командасын қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Премьер-лигадан түсіп қалған «Шахтер» бұл жеңістің арқасында турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Еске сала кетейік, команда соңғы екі турда тең ойнаған болатын.

Бұдан бөлек, Өскеменнің «Алтайы» өз алаңында Алматының «Қайрат-2» командасын 2:0 есебімен жеңіп, қатарынан екінші рет үш ұпайға ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button