БАСҚАЛАРЫ
«Ақтөбе» клубы Азия чемпиондар лигасының жартылай финалынан тыс қалды

Жапонияда өтіп жатқан волейболдан ерлер арасындағы Азия чемпиондар лигасының ширек финалында қазақстандық «Ақтөбе» командасы қатарлық «Аль-Райянға» жол берді.
Ойын тартысты өтті. Алғашқы екі сетте қарсыластар 25:20 және 25:18 есебімен басымдық танытты. Үшінші партияда Сергей Трикоздың шәкірттері есепті қысқартты — 25:23. Алайда шешуші төртінші сетте «Аль-Райян» өз артықшылығын сақтап, 25:20 нәтижесімен жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп — 3:1.
Осылайша, құрлықтық додаға алғаш рет қатысып отырған «Ақтөбе» жартылай финалға өте алмай, жарысты тоқтатты.