Спорт Министрі | «Ақтөбе» футбол клубына бас бапкер тағайындалды
ФУТБОЛ

«Ақтөбе» футбол клубына бас бапкер тағайындалды

«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметіне беларусьтік маман Вячеслав Левчук ресми түрде тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Ол бұған дейін командада бас бапкердің міндетін уақытша атқарып келген болатын. Соңғы үш ойында «Ақтөбе» қатарынан үш мәрте жеңіске жетіп, турнир кестесінде жоғарғы орындарға көтерілген еді. Осы нәтижелерден кейін Левчук толыққанды бас бапкер ретінде бекітілді.

Вячеслав Левчук 1971 жылы дүниеге келген. 1987–2000 жылдар аралығында Беларусь клубтарында қорғаушы ретінде ойнады. 2001 жылдан бастап бапкерлікке бет бұрып, түрлі елдердегі командаларда қызмет етті. Оның тәжірибесі Беларусь, Молдова, Украина, Ресей және Қырғызстан клубтарымен байланысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button