Спорт Министрі | «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды

Алматылық «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының жартылай финалында Испанияның «Картахена» командасын 3:2 есебімен жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды Sportm.kz.

Ойын барысында Алиссон дубль авторы атанып, командасына маңызды үлес қосты. Үшінші голды Деннис соғып, жеңіске нүкте қойды.

Финалда «Қайрат» Португалияның «Спортинг» және «Пальма» клубтарының арасындағы жартылай финалдың жеңімпазымен кездеседі. Чемпиондық бәсеке – 5 мамыр күні өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button