
2022 және 2024 жылдары әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасынан кейін алғаш рет ресми жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Sportm.kz.
Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде ол жарысты бірден ширек финалдан бастады. Іріктеу кезеңінде оның қарсыласы болған тәжікстандық Райхонай Розикзода белдесуден бас тартты.
Ширек финалда отандасымыз жапониялық Вакано Инагакимен кездесіп, соңғы секундта жеңісті жұлып алды. Енді Әбиба финалға жолдама алу үшін Қытай спортшысы Вэн Чжуанмен татамиге шығады.