14-20 cәуір күндері қандай жарыстар өтеді?

Осы аптада спортшыларымыз бірқатар жарыстарда бақ сынайды, деп хабарлайды sportm.kz.
14–16 сәуір: Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты Біріншілікке Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және барлық облыстан 550 спортшы қатысады. Өтетін орны: Орал қаласы.
16–20 сәуір: Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан кубогінің І кезеңі Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 95 параспортшы қатысады. Өтетін орны: Атырау қаласы.
17–21 сәуір: Комбат джиу-джитсудан жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты Ел чемпионатында 18 өңірдің 200 спортшысы бақ сынайды. Өтетін орны: Астана қаласы.
17–21 сәуір: Пенчак-силаттан барлық жас санатындағы Қазақстан чемпионаты Турнирде 18 өңірден келген 200 спортшы сынға түседі. Өтетін орны: Алматы қаласы.
17–24 сәуір: 2009-2010 жылы туған жастар арасында ҚР Туризм және спорт министрлігі кубогі Жарысқа 450-ден астам спортшы қатысады. Өтетін орны: Қарағанды қаласы.
17 сәуір – 1 мамыр: Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Қазақстан құрамасынан 20 спортшы жұдырықтасады. Өтетін орны: Амман қаласы, Иордания.
18–20 сәуір: Көркем гимнастикадан Әлем кубогі Отандық 8 спортшы өнер көрсетеді. Өтетін орны: Баку қаласы, Әзербайжан.
18–20 сәуір: Karate1 Premier League халықаралық турнирі Ел намысын 13 спортшы қорғайды. Өтетін орны: Каир қаласы, Мысыр.
19–20 сәуір: Би спортынан Kazakhstan Open 2025 республикалық турнирі Жарысқа еліміздің 8 өңірінен келген 1 мың спортшы қатысады. Өтетін орны: Алматы қаласы.
20–27 сәуір: Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при кезеңі Қазақстан құрамасынан 5 параспортшы қатысады. Өтетін орны: Марракеш қаласы, Марокко.