
Әйелдер күресінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жәмилә Бакбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, деп хабарлайды sportm.kz.
Отандасымыз финалдық бәсекеде Қытай спортшысы Юци Люден 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша ол Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы атанды. Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы бұл чемпионатты екі жүлдемен аяқтады. Бұған дейін Зейнеп Баянова қола медаль иеленген болатын.