Спорт Министрі | Ұлттық құрама бірінші себетте болады
ФУТБОЛ

Ұлттық құрама бірінші себетте болады

Ұлттар лигасы 2026/27 жылғы маусымының С дивизионы бойынша жеребесінде Қазақстан құрамасы (футболдан Ұлттық құрама) бірінші себетте болады, деп хабарлайды sportm.kz.

1-себет: Исландия, Черногория, Албания, Қазақстан;

2-себет: Финляндия, Словакия, Болгария, Армения;

3-себет: Беларусь, Фарер аралдары, Кипр, Эстония;

4-себет: Латвия/Гибралтар, Люксембург/Мальта, Молдова, Сан-Марино.

Жеребе тарту рәсімі 2026 жылы өтеді, бірақ әзірге нақты уақыты белгісіз.

Қазақстан құрамасы осы маусымда Ұлттар лигасында В тобында өнер көрсеткен болатын. Топтағы алты матчта бір ұпай ғана жинап, С тобына түсіп қалды.

УЕФА Ұлттар Лигасы (ағыл. UEFA Nations League) — УЕФА аясындағы ең жаңа турнир. 2018 жылы қыркүйекте басталды.

Жаңа турнирдің мақсаты – көптеген достастық матчтарды ресми ойындарға ауыстыру арқылы футболдың құрамалар деңгейінде дамуына септігін тигізу. Сонымен қатар, деңгейі тең ұлттық құрамаларға бір-бірімен ойнауға мүмкіндік беру.

Лига командалардың классын жоғарылату және төмендету қағидасын ұстанады. Алғашқы жарыста 55 қатысушы УЕФА ұлттық құрамаларының 2017 жылдың 11 қазан күнгі рейтингісі бойынша әртүрлі лигаларға бөлнеді. А лигасына ең үздік құрамалар түседі, ал D лигасында рейтингісі төмен командалар ойнйды.

Әр төрт лига үш-төрт командадан құралған төрт топқа бөлнеді. 2018 жылдың қыркүйек пен қараша айлары аралығында қатысушылар бір-бірімен өз және сырт алаңда ойнады. Осылайша, командалар халықаралық футбол күнтізбесіне сай төрт немесе алты матч өткізді.

Топ жеңімпаздарының классы жоғарылайды, ал соңғы орын алғандары келесі жарысты төменгі лигадан бастайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button