ТРЕНДТЕ
Қазақстандық гимнасттар әлем кубогы кезеңінде топ жарды

Қазақстандық гимнасттар Антальяда өткен әлем кубогының кезеңінде екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды sportm.kz.
Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының үшінші кезеңі өтіп жатыр.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов олимпиададан кейінгі алғашқы ресми жарыстарда ат снарядындағы жаттығуда топ жарып, алтын медаль иеленді. Осы жаттығуда Қазақстанның тағы бір өкілі Зейнолла Идрисов күміс жүлдеге қол жеткізді. Қола медальді әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, иорданиялық Ахмад Абу аль-Сауд еншіледі. Жарыстар 23 наурызда аяқталады.