
Қазақстандық Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында академиялық ескек есуден алтын медаль жеңіп алды.
Ерлер арасындағы рульсіз қос ескекті қайықпен жарысудың А финалында қазақстандық экипаж қашықтықты 6 минут 25,13 секундта бағындырып, бірінші орын иеленді.
Күміс медаль Қытай өкілдері Чуан Цао мен Мэншуай Янға бұйырды. Олар қазақстандықтардан 2,09 секундқа қалып қойды. Өзбекстандық Максим Голубев пен Алишер Турдиев 6 минут 32,34 секунд нәтижемен қола жүлдеге ие болды.
Осылайша, Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының тағы бір алтын медалін қосты.
Фото: Нұрғали Жұмағазы



