
Қазақстан ұлттық құрамасының УЕФА Ұлттар лигасы аясында Молдова және Фарер аралдарына қарсы өткізетін үй матчтарына билеттер сатылымға шықты.
2 қазанда Қазақстан құрамасы Молдовамен кездессе, 6 қазанда Фарер аралдарына қарсы ойнайды. Екі матч та сағат 19:00-де басталады.
Билет бағасы 2500 теңгеден басталады.
Жанкүйерлер билеттерді Jankuier App қосымшасы арқылы сатып ала алады.



