
Қазақстандық ескекшілер Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
Екілік байдаркамен 500 метрге жарысудың финалында қазақстандық жұп 1 минут 48,140 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орын иеленді.
Алтын медаль Қытай өкілдері Юй Шимэн мен Инь Мэндиге бұйырды. Олар қашықтықты 1 минут 45,010 секундта бағындырды. Өзбекстандық Арина Танатмишева мен Екатерина Шубина 1 минут 49,585 секунд нәтижемен қола жүлдеге ие болды.
Осылайша, Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының күміс медалін қосты.
Фото: Никита Басов



