
Қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Екілік каноэмен 500 метрге жарысудың финалында қазақстандық экипаж 1 минут 44,972 секунд нәтиже көрсетіп, үшінші орын иеленді.
Алтын медаль Қытай өкілдері У Шэнъюэ мен Цзи Бовэньге бұйырды. Олар қашықтықты 1 минут 40,741 секундта бағындырды. Өзбекстандық Артур Гулиев пен Владлен Денисов 1 минут 42,878 секунд нәтижемен күміс жүлдеге ие болды.
Осылайша, Сергей мен Тимофей Емельянов Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының қола медалін қосты.
Фото: Никита Басов



