
Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Шпагамен семсерлесуден жекелей жарыстың финалында Проходов Жапония өкілі Коки Каномен кездесті. Тартысты өткен бәсекеде жапониялық спортшы 15:13 есебімен жеңіске жетті.
Коки Кано – Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарының чемпионы.
Осылайша, Кирилл Проходов Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының күміс медалін қосты.
Фото: Владислав Семенов



