Спорт Министрі | Евгений Кошкин тарихи нәтиже тіркеді
ҚЫСҚЫ СПОРТ

Евгений Кошкин тарихи нәтиже тіркеді

Қазақстандық конькимен жүгіру шебері Евгений Кошкин Нидерландыда өткен халықаралық турнирге қатысқан болатын.

Zilveren Bal деп аталатын байрақты бәсеке жыл сайын әлемдегі ең үздік спринтерлердің басы қосады. Міне, осы жарыстың 100 метрлік қашықтығында қазақстандық спортшы алдында жан салмады. Тіпті, финалда польшалық Марек Кания, америкалық Джордан Штольц сияқты спортшыларды басып озды. Осының арқасында алғаш рет Zilveren Bal турнирінде жеңіске жетті.

Айта кетейік, Кошкин бірер апта бұрын дәл осы Нидерландыдағы және Польшадағы әлем кубктарында жеңімпаз атанды. Алдағы жылы Италияның Милан қаласында қысқы олимпиада өтеті және отандық мамандар дәл осы Кошкиннен үлкен үміт күтіп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button