
Халықаралық Олимпиада комитеті жақында ғана құрылған World Boxing федерациясын уақытша мойындады. Бұл туралы еліміздегі Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин мәлімдеді, деп хабарлайды portm.kz.
World Boxing-тің Олимпиадалық комиссиясының төрағасы ретінде боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтау үшін жұмысымды жалғастырамын, — деп жазды Головкин Instagram парақшасында.
Айта кетейік, World Boxing ұйымы 2023 жылы сәуір айында құрылған болатын. Ұйым құрылғаннан кейін ХОК ресейліктер басқаратын IBA ұйымын мойындаудан бас тартып, әлемдегі бокс федерацияларын оның құрамынан шығуға шақырды.