Спорт Министрі | Футболдан букмекерлік компаниялар атауы алынады
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Футболдан букмекерлік компаниялар атауы алынады

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының президенті арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды sportm.kz.

Марат Омаров бұл позицияны пирнципті түрде ұстанатынын алға тартты. Өйткені, елде лудоманиямен күрес жүріп жатқан кезде бұндай бассыздыққа жол беруге болмайды дейді. Ал, енді ішкі біріншілік нақты қалай аталатынын әзірге айтпады. Тек жақын арада қосымша хабарлайтынын жеткізді. Айта кетейік, бірер апта бұрын Қазақстан футбол федерациясы ішкі біріншіліктердің, оның ішінде Қазақстан чемпионаты және Қазақстан кубогының ресми атауынан құмар ойындар жарнамасын алып тастауға қатысты жұмыстарды бастаған еді. Бұл мәселе соңғы жылдары қоғамда қызу талқыланып жүр. Тіпті Парламент Мәжілісінде мақұлданып, Сенатқа жолданған спортқа қатысты заң жобасында да осыған байланысты арнайы норма да енгізілді.

Қазақстан Жоғарғы лигасында букмекерлік компания атаулары болмауы керек. Жаңа маусымды осындай өзгеріспен бастаймыз. Ал, ішкі біріншілік бұдан былай қалай аталатыны әзірге белгісіз. Мен сіздерге қосымша хабарлаймын,-деді Марат Омаров.

Басқа жаңалықтар

Back to top button