Спорт Министрі | Харбин 2025: Хоккейден ерлер құрамасы алтын алды
ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Харбин 2025: Хоккейден ерлер құрамасы алтын алды

Харбинде өтіп жатқан IX Қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды sportm.kz.

Хоккейден ерлер құрамасы Қытайды жеңіп (3:1), финалға жолдама алған еді.  Бас жүлде үшін таласта ұлттық құрама Жапониямен сынға түсті. Есеп 5:0. Осылайша Қазақстан қоржынына 4-алтын түсті.

Шайба авторлары: Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд) Дмитрий Бреус (21:02) Роман Старченко (37:59) Кирилл Панюков (42:24) Кирилл Панюков (44:23) Роман Старченко мен Кирилл Панюков Харбиндегі бәсекенің үздік мергені атанды (9 шайбадан). Осылайша, ерлер командасы Азия ойындарының 5 дүркін жеңімпазы атанды. Тек 2003 және 2007 жылғы Азиадада күміске ие болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button