ФУТБОЛ
Футзал: Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне баратын құрама тізімі жарияланды

Бас бапкері Рикардо Кака іріктеуге баратын құрама тізімін жариялады, деп хабарлайды sportm.kz.
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы іріктеу кезеңінде Данияға қарсы кездеседі.
Баспасөз қызметінің хабарына сәйкес, тізімге 16 ойыншы енген. Алғашқы ойын 1 ақпан күні 19:00-де Данияның Сённерборг қаласында өтеді. Ал, ақпанның 5-і Қазақстан Данияның Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде қарсы алады. Матч астана уақытымен 19:30-ға жоспарлаған.
Қақпашылар: Лео Игита, Нарун Серіков, Рауан Сисенғалиев
Алаңдағы ойыншылар: Жуниор Дуглас, Арнольд Кнауб, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жаһангір Рашит, Дамир Қайырбай, Ілияс Бердалин, Ақжол Дәрібай, Ринат Төреғазин, Ержан Карменов, Азат Валиуллин, Ерсұлтан Сағындықов, Мендонка Лео.