Спорт Министрі | Теннис: 17 жастағы Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Теннис: 17 жастағы Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Амир Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды sportm.kz.

Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы Омарханов екінші айналымда аустралиялық Юмерали Ибраимидің мысын басты.

Қазақстандық теннисші бірінші партияда 6:4 есебімен басым түсті. Амир екінші сетте есеп 5:2 болған мезетте матчқа доп бергенімен, сол мүмкіндігін мүлт жіберді.

Дегенмен ойынды тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3.  Бәсеке 1 сағат 35 минутқа созылды. Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Омарханов ширек финалға шығу үшін швециялық теннисші, 17 жастағы Виллям Режхтман Винцигаррамен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button