Спорт Министрі | Дзюдошылар Гранд Слэм турниріне қатыспайды
ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Дзюдошылар Гранд Слэм турниріне қатыспайды

Парижде дзюдодан 1-2 ақпанда биылғы жылдың алғашқы Гранд Слэм турнирі өтеді. Алайда бұл турнирге  Қазақстан құрамасы қатыспайды, деп хабарлайды sportm.kz.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру комитеті хабарлады.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин дзюдодан команда басшысымен кездесті. 2025 жылдан бастап, ұлттық құрама жаңа шетелдік мамандармен жұмыс істеуге кірісті. Спортшыларымыз оқу-жаттығу жиынында жаңа методикалық әдіспен дайындалып, тек ақпан айының соңында ғана жарысқа қатысады», — делінген хабарламада. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта ұлттық құрама  Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button