Спорт Министрі | Елдос Сметов 2024 жылғы әлемнің ең үздік дзюдошысы атана ма?
ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Елдос Сметов 2024 жылғы әлемнің ең үздік дзюдошысы атана ма?

Халықаралық дзюдо федерациясы 2024 жылғы IJF Judo Awards сыйлығына «Ең үздік ер дзюдоист» номинациясы бойынша шорт-листті ұсынды, деп хабарлайды sportm.kz.

Ерлер арасындағы жылдың үздік дзюдошысы (Male Judoka of the Year)» аталымы бойынша Париж Олимпиадасының 7 чемпионы үміткер болса, «Үздік иппон (Best Ippon)» аталымында 20 дзюдошының таңдаулы әдістері іріктелген.

Шорт-листке енген үміткерлерді IJF сайты арқылы көрермендердің дауыс беруі негізінде анықтаған. ҚР ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеті үміткерден үш дзюдошы қазақстандық Елдос Сметов, Хидаят Гейдаров (Әзірбайжан) және Лаша Бекаури (Грузия) енген.

Бұл номинациядағы жеңімпазды енді IJF сарапшылар комиссиясы таңдайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button