
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен мерикалық спортшы Белал Мухаммад арасындағы чемпиондық жекпе-жек мамыр айында өтуі мүмкін деп хабарлайды, sportm.kz.
СПОРТ ШРЕДИНГЕРА таратқан ақпаратқа сәйкес, қос мықты биыл мамыр айында UFC 315 турнирінде кездеседі. Белал Мухаммад алғаш рет жартылай орта салмқтағы чемпиондық атағын қорғайды.
Айта кетейік, 8 желтоқсан күні Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Мачадо Гэрримен кездескен еді. Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен шоудың екінші маңызды оқиғасы болды. Бес раундқа созылған кездесу төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Рахмоновтың жеңісімен аяқталды.