БАСҚАЛАРЫ
Туниске тарихи алтын әкелген қазақ бапкері ұлттық құраманы жаттықтыруы мүмкін

Таэквондодан Тунис құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов елге оралуы мүмкін,деп хабарлайды sportministri.kz тілшісі.
Есбол Сұлтанов биыл Париж олимпиадасында таэквондодан Тунис құрамасын дайындап, 1 алтын, 1 қола жеңіп алған еді.
Отандасымыздың Тунис құрамасымен келісімшарты аяқталған. Есбол Сұлтанов Қазақстан спортшыларын дайындауға ниетті екенін айтқан еді. Қазіргі уақытта Федерация мен ҰОК басшысы бұл ұсынысты қолдап отырған көрінеді. Құжатты енді Туризм және спорт министрлігі қарастырып жатыр.