
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды sportministri.kz тілшісі.
2024 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан футбол федерациясы Сайлау комитетінің отырысы өтті. КФФ президенттігіне тіркелген үміткерлердің алдын ала тізімі ұсынылды.
Олар:
- Алтай Даумов «Алматы облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан;
- Ерлан Жамантаев «Жеке футбол мектептері мен академияларының республикалық лигасы» ЗТБ атынан;
- Ербол Қайыров «Ақмола облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан;
- Давид Лория «Қарағанды облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан;
- Наргис Мағау «Para Football League» ҚБ атынан;
- Марат Омаров «Астана қаласының футбол федерациясы» қауымдастығы ЗТБ атынан.