КҮРЕСТРЕНДТЕ

Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Мейіржан Шермаханбет Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде Шермаханбет Моңғолия өкілі Ганбаяр Намсраймен кездесті.

Қазақстандық балуан қарсыласынан 11:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіліп, қола жүлдеге ие болды.

Бұл – Мейіржан Шермаханбеттің Азия ойындарындағы екінші медалі. Ол бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында 67 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанған еді.

Фото: Арлан Олжабай

Басқа жаңалықтар

Back to top button