БОКСТРЕНДТЕ

Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Балқыбекова жартылай финалда Вьетнам өкілі Тхи Там Нгуенмен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 5:0 есебімен вьетнамдық боксшының жеңісін тіркеді.

Осылайша, Алуа Балқыбекова 2026 жылғы Азия ойындарын қола медальмен аяқтады.

Фото: ҚБФ

Басқа жаңалықтар

Back to top button