
Қазақстандық спортшы Арайлым Шегенова Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Шегенова жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Ёнмен кездесті.
Финал жолдамасы сарапқа салынған белдесуде кореялық спортшы жеңіске жетті.
Осылайша, Арайлым Шегенова 2026 жылғы Азия ойындарын қола медальмен аяқтады.
Фото: Сали Сабиров



