ТЕННИСТРЕНДТЕ

Елена Рыбакина Қазақстанда жас теннисшілерге шеберлік сабақтарын өткізеді

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Астана мен Алматыға келіп, жас теннисшілерге шеберлік сабақтарын өткізеді. Қазақстандық спортшының сапары АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісінен кейін жоспарланған.

Бір апталық сапар барысында Рыбакина балалармен кездесіп, кәсіби тәжірибесімен бөліседі. Сондай-ақ жанкүйерлерімен жүздесіп, медициналық тексеруден өтеді.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, спортшы Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінде Ахилл сіңірін жарақаттаған. Осыған байланысты ол аталған жарыстың ширек финалынан бас тартқан еді. Жарақаты US Open кезінде де мазалағанымен, Рыбакина турнирді жалғастырып, чемпион атанды.

Жаттықтырушылар штабы теннисшінің емделіп, толық қалпына келуіне кемінде екі апта қажет екенін хабарлады. Сондықтан ол Қытайда өтетін Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатыспайды.

Рыбакина бұған дейін 2022 жылы Уимблдонда, 2026 жылы Аустралия ашық чемпионатында жеңіске жеткен. US Open-2026 турниріндегі чемпиондығы оның жекелей сындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулы болды. Осы жетістігінен кейін қазақстандық теннисші WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button