БАСКЕТБОЛ
Қазақстан баскетбол құрамасы Азия ойындарында Филиппиннен жеңілді

Қазақстан ерлер құрамасы Аичи-Нагоя-2026 жазғы Азия ойындарындағы екінші кездесуін өткізді.
С тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан командасы Филиппин құрамасымен кездесіп, 78:109 есебімен есе жіберді.
Бұл қазақстандық баскетболшылардың турнирдегі екінші жеңілісі. Алғашқы матчта ұлттық құрама Қытайға 61:99 есебімен жол берген еді.
Филиппин құрамасы болса, бірінші кездесуінде Бахрейннен 85:89 есебімен жеңілген болатын.
Қазақстан топтық кезеңдегі келесі ойынын 14 қыркүйекте Бахрейн құрамасына қарсы өткізеді.
Баскетбол бәсекелері Азия ойындарының ресми ашылу салтанатына дейін басталды. ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу рәсімі 19 қыркүйекте Нагоя қаласында өтеді.



