ТЕННИСТРЕНДТЕ

Қазақстанның Таиландқа қарсы Дэвис кубогы матчына құрамы жарияланды

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының Дэвис кубогы аясында Таиландқа қарсы өтетін матчқа қатысатын ойыншылары белгілі болды.

Қазақстан сапында Александр Шевченко, Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Бейбіт Жұқаев және Әмір Омарханов өнер көрсетеді.

Қазақстан мен Таиланд құрамалары 18–19 қыркүйекте Астанада кездеседі. Матчтар Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының хард корттарында өтеді.

Дэвис кубогының екінші Әлемдік тобы аясындағы бәсеке бес ойыннан тұрады. Бағдарламада төрт жекелей және бір жұптық кездесу қарастырылған.

Қарсыласынан басым түскен команда 2027 жылғы Дэвис кубогының бірінші Әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button