
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Нью-Йоркте өтіп жатқан US Open турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Турнирдің 1/8 финалында Рыбакина Жапония өкілі Наоми Осакомен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте 6:1, 6:4 есебімен жеңді.
Осылайша, Рыбакина мансабында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шықты.
Жартылай финалға берілер жолдама үшін қазақстандық теннисші Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен кездеседі. Чжэн Циньвэнь – 2024 жылғы Олимпиада чемпионы.



