ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Дзюдодан 2028 жылғы әлем чемпионаты Швейцарияда өтеді

Дзюдодан 2028 жылғы әлем чемпионатын Швейцарияның Лозанна қаласы қабылдайды. Турнирді өткізу туралы ресми келісімге Лозаннадағы Grand Slam жарысы кезінде қол қойылды.

Лозанна дзюдодан әлем чемпионатын 55 жылдан кейін қайта өткізгелі отыр. Швейцария қаласы бұған дейін әлемнің үздік дзюдошыларын 1973 жылы қабылдаған. Ол кезде медальдар тек ерлер арасындағы бәсекеде сарапқа салынды.

2028 жылғы әлем чемпионаты Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындары қарсаңында өтеді және Олимпиадаға іріктеу кезеңдерінің бірі болады.

Ал 2027 жылғы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстан қабылдайды. Жарыс Астанада өтіп, Лос-Анджелес Олимпиадасына жолдама алу үшін рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік беретін маңызды турнирлердің бірі болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button