
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен бразилиялық джиу-джитсу және грэпплингтен ACBJJ 22 турнирінде чемпиондық титулды жеңіп алды.
Қазақстандық спортшы 60 келіге дейінгі салмақта Тәжікстан өкілі Халим Назрулоевпен кездесті.
All-Stars Title Match мәртебесіндегі титулдық белдесу No-Gi ережесі бойынша өтті. Бұл форматта спортшылар кимономен емес, арнайы спорттық киіммен белдеседі.
Тартысты кездесу толық уақытқа созылып, төрешілердің бірауызды шешімімен Асу Алмабаев жеңімпаз атанды.
Осылайша, қазақстандық спортшы ACBJJ 22 турнирінің чемпиондық титулына ие болды.



