ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Қазақстан дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam турнирін бір медальмен аяқтады

Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі аяқталды.

Қазақстан құрамасы жарысты бір алтын медальмен қорытындылады. 81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар финалда Өзбекстан өкілі Арслонбек Тожиевті жеңіп, турнир чемпионы атанды.

60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов қола медаль үшін белдесіп, өзбекстандық Самариддин Кучкаровтан жеңілді.

66 келіге дейінгі салмақта Ақылжан Жұбатқанов жұбаныш белдесуінде оңтүстіккореялық Чанён Кимге жол берді.

Әйелдер арасында Аида Тойшыбекова 78 келіден жоғары салмақта жұбаныш белдесуінде Венесуэла өкілі Карен Леоннан жеңіліп қалды.

Қалған қазақстандық дзюдошылар жарысты алғашқы кезеңдерде аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Лозаннадағы Grand Slam турнирін бір алтын медальмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button