
Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Нигерияның Лагос қаласында өткен Lagos International Classics 2026 халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды.
Панарин жарысты Үндістан өкілі Пранаув Рам Нагалингамды 2:1 (19:21, 21:11, 21:10) есебімен жеңуден бастады. Кейін нигериялық Саиду Алиуды 2:0 (21:8, 21:12) есебімен ұтты.
Ширек финалда қазақстандық спортшы Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Шашаанк Саи Муннангиден 2:0 (22:20, 21:14) есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалда Панарин Үндістан өкілі Танкара Гнана Датту Таласиламен кездесіп, 1:2 (21:19, 20:22, 21:1) есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Дмитрий Панарин Lagos International Classics 2026 турнирін қола медальмен аяқтады.



