
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Абылайхан Жұбаназар Швейцарияның Лозанна қаласында өткен Grand Slam турнирінде жеңімпаз атанды.
81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық дзюдошы финалда Өзбекстан өкілі Арслонбек Тожиевтен басым түсті.
Осылайша, Абылайхан Жұбаназар Лозаннадағы Grand Slam турнирін алтын медальмен аяқтады.



