
Қазақстандық ескекші Мария Бровкова Польшаның Познань қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден әлем чемпионатында үздік бестікке кірді.
Мария Бровкова бірлік-каноэде 500 метрлік қашықтықтың финалында 2:06,33 нәтиже көрсетіп, бесінші орынға ие болды.
Алтын медальді канадалық София Дженсен 2:00,78 нәтижесімен жеңіп алды. Венгриялық Агнес Анна Кис 2:02,80 көрсеткішімен күміс жүлдеге ие болса, Беларусь өкілі Алёна Ноздрева 2:04,80 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.
Бүгін Мария Бровкова Ульяна Киселевамен бірге екілік-каноэде 200 метрге жарыстың финалында өнер көрсетеді.
Бұған дейін Сергей Емельянов бірлік-каноэде 200 метрлік қашықтықта жетінші орын алған еді.



