
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Шерзод Давлатов Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты.
60 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық дзюдошы жартылай финалда оңтүстіккореялық Харим Лиге есе жіберді.
Енді Шерзод Давлатов қола медаль үшін өзбекстандық Самариддин Кучкаровпен кездеседі.
Ал 66 келіге дейінгі салмақта Ақылжан Жұбатқанов жұбаныш белдесуінде оңтүстіккореялық Чханен Кимге жол беріп, жүлдеден тыс қалды.
Grand Slam турнирінің финалдық кезеңі бүгін Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.



