БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Сергей Емельянов байдарка мен каноэде есуден әлем чемпионатында жетінші орын алды

Қазақстандық ескекші Сергей Емельянов Польшаның Познань қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден әлем чемпионатында жетінші орынға ие болды.

Емельянов бірлік-каноэде 200 метрлік қашықтықтың финалында 42,06 секунд нәтиже көрсетті.

Алтын медальді 40,95 секунд нәтижесімен Польша өкілі Алексей Колядич жеңіп алды. Өзбекстандық Артур Гулиев 41,05 секундпен күміс медаль иеленсе, Беларусь спортшысы Андрей Жолобов 41,15 секунд нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.

29 тамызда Қазақстан спортшылары қатысатын тағы екі финал өтеді. Мария Бровкова бірлік-каноэде 500 метрге жарыста, ал Мария Бровкова мен Ульяна Киселева екілік-каноэде 200 метрлік қашықтықта жүлде үшін таласады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button