
Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U20 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті жүлдесіне қол жеткізді.
74 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрдәулет Сейілбеков қола медаль иеленді. Қазақстандық балуан үшінші орын үшін өткен белдесуде Италия өкілі Алессио Перентинді жеңді.
Осылайша, Қазақстан еркін күрестен U20 әлем чемпионатын үш медальмен аяқтады. Бұған дейін Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақта күміс, ал Нұрасыл Асамбек 57 келіге дейінгі салмақта қола жүлде жеңіп алған еді.



